"Өлең дегенді жүректің оты ыстық кезде жазады.".
Танымал ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ғұмырында шығармашылықта ойында жүрген дүниенің барлығын жасай алмағанын айтты.
"Жасай алған жоқпын. Мен 5 жыл болды өлең жазбай кеттім қазір денсаулығыма байланысты. Тоқырап қалдым. Өлең дегенді жүректің оты ыстық кезде жазады. Қолымнан келгенше өлең жаздым кезінде. 20-дан астам жинақ кітаптарым шықты. Соңымнан ерген шәкірттерім көп менің. Барлығы менің туған күнімді жасауға барын салып жүр", - деді ақын.