12.02.2026, 17:40

«Бағың ашық болсын, ақылдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызына жүрекжарды жазба арнады

Коллаж: sn.kz

Өнерді жұптың балалары сахнаға жақындай түсті. 

Танымал өнер иелері Қайрат Нұртастың және Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау әлеуметтік желідегі парақшасында анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жасөспірім анасы Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен ортақ суреттерін жариялап, жазбасына: «Анашым, сізге үлкен рақмет» деп қысқа ғана пікір қалдырған.

Жұлдыз Әбдікәрімова да қызының жазбасына жауап беріп, оған сәттілік тілеген.

«Жұлдызың әрдайым жарқырап тұрсын. Бағың ашық болсын, ақылдым», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары анасы мен қызының ұқсастығына бірден назар аударды. Пікірлерде олардың келбеті ғана емес, мінезі мен сахналық тартымдылығы да бір-біріне жақын екені жиі айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алау ірі киножобаға түсуге шақырту алғаны хабарланған болатын. Кезінде сахна мен киноға жол ашқан ата-анасының ізін енді қызы жалғап келе жатқандай.