"Жұлдыз біздің шаңыраққа келін болып түскенде рұқсат бердім".
Нұртаc Айдарбеков, қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі, ортаңғы келіні қойған сұрақтарға жауап берді. Айгерім әлеуметтік желідегі танымал трендті қайынатасымен бірге қайталауды ұйғарған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Нұртаc пен Гүлзира Айдарбековтердің ортаншы ұлының жары Айгерім Саркенова қайынатасынан контент түсіруге көмектесуін сұраған. Ол «норм немесе стрем» деп аталатын трендті қайталаған.
Тренд шарты бойынша келін қойған сұрақтарға Нұртаc Айдарбеков ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін айтуы керек болған. Мәселен, ол әйеліне үй шаруасына көмектесуді, сондай-ақ келіні үлгермей жатса жәрдем беруді қалыпты жағдай деп санайды. Ал келін мүлде тамақ жасамай, түске дейін ұйықтап жатса — мұны құптамайтынын айтты.
Сондай-ақ келін ата-енемен бірге тұрғысы келмесе не болады деген сұрақ қойылды.
«Әрине, өзі біледі. Бірақ жастардың ата-анамен бірге тұрғанының несі жаман? Біз немерелерге қарасып, көмектесеміз ғой», – деп жауап берді Нұртаc аға.
Ол келіннің үйде орамал тағып жүргені дұрыс деп есептейді, алайда далада тағу міндетті емес екенін айтты. Сонымен қатар «сәлем салу» дәстүріне қатысты да пікір білдірді.
«Жұлдыз біздің шаңыраққа келін болып түскенде, мен өзім оған сәлем салмауға рұқсат бердім. Себебі ол келін болып түскенде менің қызым жоқ, тек ұлдарым болды. Ол маған қызымдай болды.
Негізі келін сәлем салудан ештеңе жоғалтпайды, керісінше бата алады. Сондықтан сәлем сал да, батасын ал. Үлкендер оған ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейді. Бұл – өте құнды сөздер», – деді ол.