10.02.2026, 04:30

«Одан сайын жасарып кеткен»: Баян Алагөзова мүсінімен ел назарын аударды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқырмандар Алма мен Алисаның қатты өсіп кеткенін атап өтті. S

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Таиландтағы демалыстан кіші қыздарымен бірге түскен суреттерін жариялаған, деп хаабрлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған кадрлар Пхукет аралында түсірілген. Фотода Баян Алагөзова қыздары — Алма мен Алисаны тізесіне отырғызып, бірге демалып отырған сәті бейнеленген.

Оқырмандар қыздардың айтарлықтай есейіп қалғанына назар аударды. Сонымен қатар желі қолданушылары продюсердің демалыстағы келбетіне де баға беріп, отбасына жылы лебіздерін білдірді.

Пікірлерде «бәрі әдемі», «қыздары өте сүйкімді», «Баян ханым жасарып барады »«Алиса анасына, Алма әкесіне ұқсайды» деген ойлар жиі кездеседі. Кейбір оқырмандар Алма мен Алисаның болашағынан үлкен үміт күтетінін де жасырмаған.

Желі қолданушылары қыздардың харизмасы мен табиғи сымбатын атап өтіп, Баян Алагөзованың отбасына сәтті демалыс тілеген.