09.02.2026, 19:00

«Әли екі анасына иіліп тұр»: Роза Рымбаеваның құдағиы концертте бой көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ақмарал Құбашева – Роза Рымбаеваның құдағиы.

Күні кеше жеке ән кешін өткізген Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның құдағиы желідегі парақшасында жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақмарал Құбашева есімді құдағиы Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай өткізген кешінде арнайы қонақ болды. Ол концерттің соңында үлкен шоқ гүлдерін алып, құдағиына сыйға тартты. 

"Құдағайымның мерейлі кешінде қонақ болдым. Осылай халықтың қошеметіне бөлене беріңіз", – деп жазды Ақмарал Құбашева.

Айта кетейік, Ақмарал Құбашева – Роза Рымбаеваның құдағиы. Өзінің мансабын ән саласынан бастаған Ақерке Бүркітбайдың анасы.