09.02.2026, 16:00

«Қазақтың байлары жиналып бір коттедж алып берсін»: Белгілі журналист айтыскерге араша түсті

Фото: коллаж Sn.kz

Танымал журналист Ербол Мәндібек баспанасыз жүрген айтыскер ақын Балғынбек Имаш туралы айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақтың төл өнері үшін тер төккен ағамыздың баспанасыз жүргені тұтас қазаққа сын. Сондықтан, қазақтың байлары жиналып Балғынбек ағамызға коттедж алып берсе де артық емес.

Балғынбек ағамен баяғыда Жетінші арнада жүргенде бірге жұмыс істедік. Ашық мінезді, үнемі інім деп арқадан қағып жүретін қалжыңды, қадірлі, бауырмал кісі”, — деп жазды журналист.

Еске салсақ, Балғынбек Имаш журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында баспанасыз жүргенін айтқан еді.

”Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді сатып жібердім. 7 балам бар, келін түсірдім, анам бар бәріміз жалдамалы үйде тұрамыз. Бірақ ол маған стресс болған жоқ. Дүние келеді, кетеді. Ол маған мүлдем маңызды болды. Маған адамдар “сен қарызсың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік” деген ауыр айтқан сөздер жүрекке әсер етті”, — деді айтыскер ақын.