08.02.2026, 23:30

«Ризашылығымды білдіремін»: Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына қатысты пікір білдірді

Фото: DR

Барлық жерде мені достық көңілмен, жылы қабылдады.

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдында түсініктеме берді. Ол Instagramпарақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әзілкеш бұл мәселеге егжей-тегжейлі пікір білдірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, құқықтық мәселелермен заңгерлер айналысып жатыр, ал уақыт бәрін өз орнына қояды.

Мен мынаны айтқым келеді: стендап-комик ретіндегі жолым 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасты. Осы жылдар ішінде мен Ресейдің көптеген қалаларында болдым. Барлық жерде мені достық көңілмен, жылы қабылдады. Шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жол ашқан, сондай-ақ Ресейде де, оның шегінен тыс жерде де көпұлтты аудитория жинауыма ықпал еткен елге ризашылығымды білдіремін. Рахмет, – деп жазды ол.