09.02.2026, 06:30

«Тарихи тұлғаны қорлады»: Құрманғазының ұрпақтары Қайрат Әділгерейді сотқа бермек (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Оралдағы ағайындар ренжіп жатыр.

Күйші Құрманғазыны бандит деп қорлаған тамада Қайрат Әділгерей ақталам деп тағы мазаққа қалды. Ол күйші, әрі Тәуелсіздік жолында күрескен Құрманғазының қай ғасырда өмір сүргенінен да хабарсыз болып шықты. Халықтың ашу-ызасын тудырған сөздерінен кейін әзілкеш видео үндеу жасап, кешірім сұрамақ болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер өзіне министрліктен де хабарласып, ескерту жасағанын айтты. Оның ақталған аудиосы елге тарап кеткен.

«Астрахан облысы Ақжар ауылына Құрманғазы бабамыздың басын іздеп өзім әдейілеп барғанмын. Құран бағыштайын деп 2009-2010 жылдары, сол кезде басында шырақшы отырған, үлкен кісі. Жетінші ма, сегізінші ма ұрпағы. Сол шал, сол кісі айтқан, Құрманғазы атамыз мінезі сәл қисықтау болған. Совет үкіметіне көп қарсы шыққан. Байлардан тартып алып кедейлерге таратқан дүние мүлікті, сол кездің Робин Гуды сияқты болған, қарақшы, бірақ әділдікті орнатуды ойлаған деп. Сол әңгімені жеткіземін деп жастардың тілімен айтып, ұрынып отырмын», — деді ол.

Оған Мәдениет және ақпарат министрлігінен де хабарласып, кешірім сұрау видеосын тоқтатып қойған.

«Оралдағы ағайындар ренжіп жатыр, Құрманғазының ұрпақтары. Оралдағылар сотқа береміз деп жатыр. Мен кешірім сұрап, видео жариялайын деп едім. Маған министрлік қоя тұр, дабырайтын жібересің деді. Елдер менің видеоды толық таратып жатқан жоқ. Ол орыс патшасына көп қарсы шығып, кедергі келтірген», — деп ақталған актер.

Алайда әлеуметтік желіде пікір қалдырған адамдар актердың тарихтан хабарсыз екенін, тарихи тұлғаны қорлаған үшін ренжулі екендерін тоқтаусыз жазып жатыр. Еске салайық, оның күйші туралы айтқан сөздеріне белсенді Ахметбек Нұрсила «Шегірткелер» деп қатты сынға алған еді.