05.02.2026, 18:40

«Жасай бер, қазақтың ұлы!»: Сахнада туды сүйген Димаш елді жылатты (ВИДЕО)

Фото: dimashnews.com

Мұндай сәттер ұлт рухын көтереді.

Кезекті концерттерінің бірінде Димаш Құдайберген сахнада тұрып Қазақстанның туын сүйді. Бұл сәт залдағы шетелдік көрермендерді де, отандастарымызды да толқытпай қоймады. Ән ғана емес, рух пен елге деген сүйіспеншілік сезілген ерекше мезет болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Димашты бүгін әлем «қазақтың үні», «қазақтың ұлы» деп таниды. Ол қай елде, қай сахнада өнер көрсетсе де, Қазақстанды, оның мәдениетін, рухын бірге алып жүреді. Мемлекеттік Туды құрметтеу арқылы ол өз тамырына, еліне адалдығын тағы бір мәрте көрсетті.

Бұл ұстаным Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерімен де үндес. Президент Димаш Құдайбергенді бірнеше рет Қазақстанның мәдени елшісі ретінде атап, оның таланты арқылы қазақ өнері мен мәдениеті әлемге кеңінен танылып жатқанын айтқан. Тоқаевтың пікірінше, Димаштың жетістігі – жеке бір адамның ғана емес, тұтас елдің абыройы.

Мұндай сәттер ұлт рухын көтереді. Себебі сахнадағы бір қимыл, бір ишара миллиондаған адамның жүрегіне елге деген мақтаныш сезімін ұялатады. Димаштың Туды сүюі – өнердің ғана емес, ұлттық рухтың да жеңісі.