05.02.2026, 11:40

«Тәжірибием жетеді, шүкір»: Әнші Әmre вокалдық академия ашпақ

Фото: intervision.tass.photo

Өнерпаздың айтуынша ол жас қазақ балаларын қолдап, тәжірибесімен бөліскісі келеді.

Әmre атымен танылған талантты әнші, бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ернар Садирбаев әлеуметтік желіде қандай арманы бар екені жайлы жазба жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өнерпаздың айтуынша ол жас қазақ балаларын қолдап, тәжірибесімен бөліскісі келеді.

"Арманым бар! Вокалдық Академия ашқым келеді.  Кейбір жылдары өзімнің вокалдық мектебім болған, сол кезеңдерді жылулықпен еске аламын. Тәжірибием жетеді, шүкір. Бір тәуекел жетіспей жүр. Ең мықты мықты педагогтарды жинап, Қазақ балаларын қолдағым келеді", - деп жазды әнші.