Арық болғанымен, белі мен бөксесі айқын емес.
Әнші Ақбота-Нұрдың жаңа «Биле былай» атты әніне түсірілген бейнебаяны көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көрермендердің бір бөлігі клиптің стилі мен образдары Айгерім Қалаубаеваның бұрынғы бейнебаяндарын еске түсіретінін айтып, салыстырмалы пікір білдірді. Олардың айтуынша, жаңа туындыда би қимылдары мен сахналық образ жағынан ұқсастық байқалады.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Кейбірі әншінің сырт келбеті мен биіне сын айтса, енді бірі оны қолдап, табиғи сұлулығын атап өтті.
«Арық болғанымен, белі мен бөксесі айқын емес»,
«Негізі өте әдемі, табиғи сұлу қыз»,
«Шаш үлгісін тым көлемді етіп қойған, стилистер дұрыс таңдамай қалған сияқты»,
«Би өзіне жарасады, билей берсін»,
«Бүкіл әлем билеп жатқанда, оған неге болмайды?» деген пікірлер жазылды.
Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары Айгерім Қалаубаеваны үлгі ретінде атап өтті.
«Айгерім Қалаубаева киімді талғаммен киетін, керемет биші. Оған еліктесе, жаман болмайды», – деп пікір қалдырды оқырмандардың бірі.
Осылайша Ақбота-Нұрдың жаңа жұмысы тыңдарманды бейжай қалдырмай, өнер иесінің шығармашылығы қоғам назарында тағы бір мәрте талқыға түсті.