Мұндай қырыңыз бар екенін білмедік.
Медиамаман, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол «Көз тимесін» атты фильмде қысқа рөл сомдағанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Комедия жанрындағы фильм ертең, 22 қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
Көрермендер фильм көрсетілімінде Ләйлә Сұлтанқызын күтпеген жерден көріп, таңданыстарын жасырмады. Әлеуметтік желіде көпшілік оны жаңа қадамы үшін құттықтап жатыр.
Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы бұл фильмге түсу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдіріп:
«Әрбір ұсынысты ұзақ ойланып барып қабылдаймын», деп жауап қатты.
![]()