$ 510.95  594.49  6.5

«4 әйелден 30-дан астам баласы бар»: Омар Жәлелдің екінші әйелі өзін алдап құрыққа түсіргенін айтты (ВИДЕО)

"Маған ұрпақ керек, Қазақстанда жыныстық қатынас жетеді", - деді. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің екінші жұбайы «Әңгіме бар» подкастында өзінің бұрынғы күйеуіне қатысты біраз шындықты жария етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, экс-жұбайы бір сәтте байланысын үзіп, ешқандай хабар-ошарсыз кеткен.

Оның сөзінше, балалардың жағдайы да алаңдатарлық. Ана ретінде бар жауапкершілік тек өз мойнында қалғанын айтады.

4 әйелден 30-дан аса баласы бар. 

Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.

«Маған жыныстық қатынас керек емес, ұрпақ керек. Маған ұрпақ керек. Қазақстанда жыныстық қатынас жетеді» деп өзі айтатын» – дейді подкаст қонағы.

Сонымен қатар Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің басқа әйелдері де сотқа жүгінуді ойластырып жүргенін меңзеді.Өзі де бұрынғы күйеуінің атына сотқа арыз түсірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары