$ 509.84  595.75  6.47

«Азып-тозып, басылып қалыпты»: Апалы-сіңілі Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі қыздарды жаңа жылдарымен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр», – деп жазды Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс етті. Әсіресе, Құндызға сыйлыққа келген микрофон қатты ұнаған. Ол онымен қонақтарға «Таңғы елес» әнін орындап берген.

Алайда көпшілік апалы-сіңілі Назгүл мен Құндыздың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

"Азып, тозып, басылып калыпты", "жандарым ау Ата Анасы болғанда жерге бастары карамас еді", "Мал бағып жүргендегідей күйлеріне қайта түсіп қалған", "Қыздар шаршаңқы екен. Басқа жаққа апару керек", деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары