$ 509.94  593.88  6.43

«Ененің даналығы»: Гүлзира Айдарбекова үлкен келінін қонаққа шақырып, сыйлық берді (ВИДЕО)

Оқырмандар жазбаны жылы қабылдап, отбасыға бақыт пен амандық тілеген пікірлер қалдырды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова және оның отбасы Мальдив аралынан демалыстан оралып, қуанышты сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсердің жазбасына қарағанда, отбасы мүшелері аман-есен қайта қосылып, бірге уақыт өткізіп, қуанышқа бөленген. 

«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!» – деп атап өткен ол.

Гүлзира Айдарбекова жазбасында өмірдің көрінбейтін, тыныштықпен берілетін сәттеріне де тоқталған. 

«Барлығы көріп жүрген күлімсіреу — шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға – жеткілікті» – деп бөліскен продюсер.

Оқырмандар жазбаны жылы қабылдап, отбасыға бақыт пен амандық тілеген пікірлер қалдырды.

"Қандай керемет жылы видео. Алла отбасыңызды тіл көзден сақтасын! Осы балалардың рахатын Ағаммнен бірге көріп өсіп өне беріңіздер! Қайратымыздың қанаты талмасын! Әрқашан тілекшіміз", "Бақытты әулет!", "Ененің даналығы", "Ене болса Гүлзира әпкеміздей ақ болсын. Нағыз жанашыр жан, келіндеріне, немерелеріне ықыласы ерекше. Мұндай ененің қадірін біліп сыйлау керек. Атасы Нұртас аға да жақсы кісі", деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары