Неткен, дауыс! Тамаша!
Әлеуметтік желілерде танымал әнші Баянсұлудың “BAYANSULU” опера жанрында ән шырқаған сәті түсірілген бейнежазба кеңінен таралып жатыр. Видеода оның классикалық вокалға жақын орындауы көпшіліктің назарын аударды деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары Баянсұлудың дауыс мүмкіндігіне жоғары баға беріп, оның мұндай қырын күтпегендерін жарыса жазуда. Кейбір пікір иелері өнер иесінің опера жанрында да өзін еркін көрсете алғанын атап өтті.