$ 509.94  593.88  6.43

«Ең қиыны – балаңның артында қалғаның»: Мұрат Бисенбиннің әкесі көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

Актердің әкесі Болат Бисенбин ұлының өте талантты болғанын, ағылшын тілін жақсы меңгергенін және салауатты өмір салтын ұстанғанын айтты.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Алматы жұрты Орталық мешіттен актер Мұрат Бисенбинді соңғы сапарға шығарып салды. Ол 8 қаңтар күні 54 жасына қараған шағында өмірден өтті. Соңғы бір жыл бойы актер онкологиялық дертпен күрескен, ал желтоқсан айында инсульт алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актердің әкесі Болат Бисенбин ұлының өте талантты болғанын, ағылшын тілін жақсы меңгергенін және салауатты өмір салтын ұстанғанын айтты.

Мұрат Бисенбин кино мен телесериалдардағы рөлдері арқылы көпшілікке танылды. Артында жары мен үш баласы қалды.

«Соңғы кездері жағдайы нашарлап кетіп еді. 8 қаңтарда «Мұраттан айырылып қалдық» деп естіртті. Өте ауыр. Қазақта ең қиыны балаңның артында қалғаның деп айтады ғой. Балалар бізді жерлеуі керек еді, керісінше емес. Темекі тартпады, ішпеді, спортпен айналысты. Өнерге жақын болып, киноға түсті. Қандай актер екеніне халық баға берді ғой», - деді Болат Бисенбин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары