27.12.2025, 06:30

«Не дейін енді?»: Дариға Бадықова елден кешірім сұрады

Фото: Видеодан алынған кадр

Айтуынша, тағы бір ауылда жүр. 

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова «Таптым-ау сені 3» атты жаңа фильмін түсіргені туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Айтуынша, тағы бір ауылда жүр. 

«Тағы да бір ауылда 5 актермен, 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгені үшін DBO production кешірім сұрады», – делінген актриса салған видеода.

Тіпті, киноның қашан көрсетілімге шығатынын бөлісті.

«Тағы да ауылда кино түсірдік! Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы?! Бізде бәрі шынайы. Көрермен «Таптым-ау сені 3» түсірілді. Бұйыртса, 26 наурызда шығады», – деді Бадықова.