Жанар Айжанова бастаған әнші қыздар Роза Рымбаеваға құрмет көрсетіп ән арнайды.
Роза Рымбаеваға өнерде жүрген бір топ әнші өз ықыластарын көрсетті. Олардың қатарында Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Бейбіт Сейдуалиева, Гүлнүр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова, Мөлдір Әуелбекова бар, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Жанар Айжанова бастаған әнші қыздар Роза Рымбаеваға құрмет көрсетіп ән арнайды.
"Роза апай, әнші қызы сіз халқымның. Роза апай, батыр қызы сіз халқымның. Жаңа жылыңыз құтты болсын, Роза апай", - деп Рымбаеваны сүйіп, құшақтайды.
Мұндай құттықтауды күтпеген Роза Рымбаева: Не болып қалды, қыздар?, деп жауап береді.
Осы тұста желі қолданушылары Рымбаеваның реакциясын сынға алды.
"Роза апам менсініп тұрған жоқ сияқты", "Бас-аяқтарына сонша қарады ғой", "Неге қатайып тұр", "Ұлық болсаң кішік бол деген. Роза апай құшағын ашып мейірімін шашып тұрса ғой", "Бәрінің көйлегін тексеріп тұр", деді олар.
Бұдан бөлек әнші топ дәл солай Мақпал Жүнісованы да құттықтаған. Көпшілік Жүнісованың жылы жүзділігін жазып, Рымбаевамен салыстыра кетті.
"Роза апай менсінбеді, а вот Мақпал апай жақсы қарсы алды", "Енді екеуінің реакциясын салыстырыңыздар", "Мақпал жылы жүзбен қарсы алды", деп жазды көпшілік.