25.12.2025, 12:20

«Қыздарыма ана болғаның үшін...»: Абай Бегей әйеліне алғыс айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әншінің әйелі Фариза да көзіне жас алып, көңілі жібіді.

Әнші Абай Бегей Республика сарайында берген жеке концертінде жолдасы Фаризаға шексіз алғысын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Саған көп рахмет! Жабыққан кезде қасымнан табылдың. Балаларыма, қыздарыма ана болғаның үшін рахмет!", – деді әнші.

Әншінің әйелі Фариза да көзіне жас алып, көңілі жібіді.

"Жәннатым!

Күтпеген жерден осындай тосын сый жасағаныңызға рахмет! "Саған ризамын" деген сөзіңіз қатты жылатты. Алла бізді тіл көзден сақтасын, ұл-қыздарымыздың қуанышына тоймай жүре берейік!", – деп жазды Фариза Жұманова.