"Қыз деп айту дұрыс емес, өз атауы — келін".
Танымал әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиевамен және оның келінімен бірге түскен видеоны жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жазира Динарадан былай деп сұрақ қойды: «Келінді «келін» деп айту керек пе, әлде «қызым» деп пе? Қалай дұрыс айтамыз?»
Дегенмен видеода Динара ханым нақты жауап берілмеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сұраққа әртүрлі пікір білдірді:
«Келінді әрдайым «келін» деу керек. Әркімнің өз орны бар», «Келін ешқашан қыз сияқты бола алмайды», «Қыз деп айту дұрыс емес, өз атауы — келін», - деп жазды оқырмандар.
Оқырмандардың ойы екіге бөлінген.