24.12.2025, 13:20

«10 карат»: Райм Ерке Есмаханға арманындағы сақинаны сыйлады (ФОТО)

Фото: instagram.com/erkeesmaxan

Найзағай ма?

Танымал әнші көпшілікке күйеуі сыйлаған бағалы сақинасын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі арманындағы сақинасы жайлы алғаш рет әлеуметтік желіде айтты.

"Ойлаш, Ерке Есмахансың. Күйеуің - RaiM! 3 ұлың бар. Үлде мен бүлдеге оранып, 8 млн оқырманы бар парақшаңа осындай сурет салып отырсың. Найзағай ма? Шүкір! RaiM туған күніме сыйлаған арманымдағы сақина үшін рахмет. Сүйемін!", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің қымбат сыйлық алғанын құттықтап, түрлі тілектер жолдады.

"Өскенде Ерке Есмахан боламын", "Күлсем басыма келе ме? Осылай жүруді бізге де нәсіп етсін", "Ерке емеспін, бірақ тура осы жағдай бұйырсын. Үлде мен бүлдеге орана берейік", - деп жазды әншінің өміріне қызыққан қыз-келіншектер.