$ 513.55  602.09  6.42

«Қарсы шыға алмадым»: Света Айтбаева отбасылық сырын бөлісті (ВИДЕО)

Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірге себеп болды.

Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Әнші Света Айтбаева жұбайы Қанат Айтбаевтың тегін не себепті алғанын айтып берді. Жұлдызды жұп QAZAQSTAN ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, отбасылық өмірлеріне қатысты жеке жайттарды бөлісті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, тұрмысқа шығар алдында ол өз тегінде қалғысы келген. Алайда бұл шешім кейін өзгерген.

«Мен Қанатқа өз тегімде қаламын, сенің тегіңді алмаймын деп айтқанмын. Бірақ ол мені көндіре алмағасын, той үстінде әжеме барып, жағдайды түсіндірген. Әжемнің сөзіне қарсы шыға алмадым. Солай Қанаттың қайсарлығы бәрінен басым түсті», – деді Света Айтбаева.

Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі отбасындағы үлкендердің сөзіне құрметпен қарауды құптаса, енді бірі әйел адамның таңдауына еркіндік берілуі тиіс екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары