$ 513.55  602.09  6.42

«Апай» деп айту кемсіту емес»: Филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты

Бұл – ресми әрі мәдени қаратпа.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Филолог Арын Құнанбайұлы "мені апай деп атама" деген продюсер Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты. Бұл туралы ол Narikbi LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тілінің қаратпа жүйесін өзге тілдік өлшеммен бағалаудың көрінісі. Қазақ тілінде «апай» сөзі кемсіту немесе төмендету емес. Бұл – ресми әрі мәдени қаратпа. Институтта «Апай», «ағай» деп айту – сауатсыздықтың не төмен мәдениеттің белгісі емес. Кейбір тілдерде ресми қарым-қатынас есім мен әке аты арқылы қалыптасса, қазақ тілінде ресми стиль туыстық атауларға сүйенеді. Сондықтан қазақ тіліндегі қаратпа жүйесін басқа тілдік үлгіге бейімдеуге болмайды», — деді тіл маманы.

Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда қаратпа сөздерге қатысты көзқарас жиі өзгеріп, бұрын қалыпты саналатын атауларға күмәнмен қарау үрдісі байқалып отыр.

Айта кетейік, продюсер Баян Алагөзова «Zamandas» подкастында «апай» деп атаудың өзіне ұнамайтынын айтып, бұл қаратпаны қабылдамайтынын жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары