17.12.2025, 11:40

«Айтарға сөзім жоқ»: Тұрсынбектің қыздары анасына қымбат тосынсый жасады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/moldir.mt

Қандай керемет қыздар!

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанованың балалары анасына тосынсый жасап, ерекше қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің балалары соңғы модельдегі iPhone 17 телефонын сыйлап, аналарын қуантқан.

Мөлдір Мұқанова мұндай сыйлықты көрген сәтте толқып, көзіне жас алады.

«Айтарға сөзім жоқ, толқып кеттім», - деп жазған ол.

Оның оқырманы да балаларына жақсы тәрбие бергенін айтып, тілектерін жазған.

«Қандай керемет қыздар. Қыздарыңыз қандай тәрбиелі, өте сыпайы. Сіздерді қатты жақсы көретіні көрініп тұр. Өз жалақыларын анасына сыйлыққа жұмсау үлкен жүректің белгісі. Жарайсыңдар, қыздар. Анаңыз сіздермен мақтанатын болады», - деп жазған олар.