$ 519.61  610.13  6.54

«Анам мен әкем әмеңгерлікпен қосылған» – актриса Лейло Бекназар (ВИДЕО)

Анамның бірінші жолдасы Құдайберген деген кісі болған.

Фото: https://www.instagram.com/leilobeknazar60
Фото: https://www.instagram.com/leilobeknazar60

Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет”, “Парасат”, “Барыс” ордендерінің иегері Лейло Бекназар “Өмір өрнегі” бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, ата-анасы әмеңгерлікпен қосылған.

“Анамның бірінші жолдасы Құдайберген деген кісі болған. Ол менің әкемнің інісі екен. Екі бала жетім қалмасын деп менің әкеме әмеңгерлікпен алып берген. Ал менің әкемде бала болмаған екен. Әкемнің бірінші әйелі қырғыздың қызы болған, ол кісі қайтыс болғаннан кейін балаларды жылатпайық деп әкеме қосыпты. Әкем оларды өзінің туған балаларынан артық жақсы көрген”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары