$ 519.61  610.13  6.54

«Махаббатым өзгеше, сағынышым мәңгілік»: Мөлдір Мұқанованың жазбасы көпті ойландырды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Мөлдірдің қарапайымдылығына тамсанып түрлі пікір жазды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ел талқысында жүрген Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасына туған жерінен видео жүктеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұқанованың айтуынша, оның ауылдастарына деген құрметі ерекше. 

"Ауылдастарым, сіздерге деген құрметім ерекше, махаббатым өзгеше, сағынышым мәңгілік… Бүгінгі күннің қалай өткенін шай ішіп отырып айту керек. Кішкентай ғана ауылымның берекелілігіне, татулықтарына, ұйымшылдықтарына, бір-біріне сыйластықтарына тағы бір тамсандым. Ауылымның іргесі мықты болып, дамып жатқаны үшін, ауылдың әкімі, ақсақалдары, тұрғындарына шексіз ризамыз. Ал бүгінгі ойынға сәттілік. Сән-салтанаты келіскен ауылымның тұрғындары сіздерді жақсв көремін. Өмірдің кез-келген сәтінде сіздермен біргемін", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Мөлдірдің қарапайымдылығына тамсанып түрлі пікір жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары