Бұл туралы Мұқанованың өзі жаз айында жазба жариялаған.
Желіде Мөлдір Мұқанованың твнымал әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазатыны туралы жазбасы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Мұқанованың өзі жаз айында жазба жариялаған.
"Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, сенбей тұрмын.
Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнеріммен бөлісетін шақ туды.
Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар? Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па? Әлде өмір туралы ма?
Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?...", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгінде бірнше ән жазып, фильм түсірген Мөлдір Мұқанованың Қайрат Нұртаспен дуэті әлі жарыққа шыға қойған жоқ.