$ 503.89  587.54  6.48

«Видеодағы мен емес»: Баян Алагөзова көпшілікке шұғыл үндеу жасады (ФОТО)

Баян Мақсатқызы бұл ақпаратты өз парақшасында жариялап, видео арқылы түсініктеме берді.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде шұғыл мәлімдеме жасап, өз атынан әрекет етіп жүрген алаяқтар жайлы хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, белгісіз адамдар продюсердің атын пайдаланып, Instagram желісінде халықтан ақша жинауға тырысқан.

Баян Мақсатқызы бұл ақпаратты өз парақшасында жариялап, видео арқылы түсініктеме берді. Ол роликте көрсетілген әйелдің өзі емес екенін нақты айтты және жалған аккаунттар таратқан ақпаратқа сенбеуді ескертті.Продюсердің айтуынша, алаяқтар түрлі сылтау айтып, жомарттық танытуға шақырып, қаражат жинауға тырысқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары