$ 512.53  592.43  6.53

«Әйелі қасынан қалмайтын болған»: Сәкен Майғазиевтің жаңа видеосы талқыға түсті (ВИДЕО)

Танымал әнші желідегі парақшасына әйелімен бірге түскен видеосын жүктеген. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Сәкен Майғазиев пен Динара Майғазиева желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Танымал әнші желідегі парақшасына әйелімен бірге түскен видеосын жүктеген. 

"2025-жылдың күзімен қоштасу. Айдан аман, жылдан есен болып, шуақты шақтарымыз, сәулелі сәттеріміз көп болып, жүзіміз жарқын болғай, жақсыларым", - деп жазды Майғазиев. 

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір білдірді. 

"Ата-ене болдыңдар ғой, қойсаңдаршы, ұят емес пе деп жазатын адам жоқ па", "Онша емес, сендер жастарға үлгі болуларың керек", "Ерсі екен. Бұрын олай жүрмейтін еді, қазір қасынан қалмайды", "Керемет жұп", "Ерлі-зайыптылар осылай жүру керек", "Тіл-көзден аман болыңдар", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары