$ 516.86  598.68  6.58

Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жедім деген әнші мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әнші Мұқасан Шахзадаев әзірге оқиғаға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі, әнші Ғалымжан Сүлеймен өзіне жасалған шабуылға байланысты ешкімді кешірмейтінін мәлімдеді. Ол оқиғаның әділ тергеліп, жанжалға қатысы барлардың барлығы заң алдында жауап беруі керек екенін айтты деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Еске сала кетейік, 22 қарашада Ғалымжан Сүлеймен полицияға шағым түсіріп, бірнеше адамның өзіне қол көтергенін хабарлаған еді.Жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, әншінің қолы мен мұрны сынған, беті мен көз жаны қатты көгерген. Дәрігерлер оның мұрнына күрделі операция жасады.

Қазір іс ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі бойынша қаралуда. Бұл бап – «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы» – үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Әнші Мұқасан Шахзадаев әзірге оқиғаға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары