$ 518.4  598.13  6.55

«Неге сондай қамсызбыз?»: Танымал журналист Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді

Димаштың Астана әуежайында ешқандай қорғаушысыз жалғыз жүруі — алаңдататын жағдай.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі жазбасында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке қауіпсіздігіне байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Димаштың Астана әуежайында ешқандай қорғаушысыз жалғыз жүруі — алаңдататын жағдай.

Журналист мұны қарапайымдықтың белгісі ретінде көрсетуге болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, Димаш — Қазақстанның атын әлемге танытқан, халықаралық деңгейде танылған өнер иесі, сондықтан оның қауіпсіздігіне кәсіби деңгейде көңіл бөлінуі тиіс.

«Димаштай деңгейдегі әртістің міндетті түрде жеке күзеті болуы керек. Біз неге осындай мәселелерге бейжай қараймыз?» — деп жазады Азамат Әбілқайыр.

Бұл мәселе қоғамда да талқыланып жатыр. Көпшілік танымал тұлғалардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті күшейту қажет екенін айтады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары