$ 518.4  598.13  6.55

«Біреудің байы кімге керек»: Блогер өнер адамдарының жеке өмірін көпшілікке жариялауын доғаруды сұрады

Бұл не тәрбие? Бұл не бетбақтық?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің желідегі парақшасында блогердің өнер адамдарына қатысты талабын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші блогердің жанайқайымен желідегі парақшасында бөлісті. 

«Бізде мәдениет саласында жүрген әртістер, әншілер болсын, бұл бір қиямет, сұмдық болып кеткен. Біреу біреудің байын тартып алады, біреу біреудің үстінен жүріс жасайды.

Біреуі бесінші қатын болып тиеді, біреудің байы шығады мүләйімсіп, біреудің қатыны шығады мүләйімсіп. Осы өнерде жүрген адамдар, осы мәселені тоқтатасыңдар ма, жоқ па? 

Келе жатқан жастар, балалар, ұрпақтар бар. Бұл не тәрбие? Бұл не бетбақтық? Келіннің орны бар, күйеу баланың орны бар. Ата-ененің өз орны бар. 

Бұл біздің тарихи дәстүріміз. Бірақ о заманда, бұ заман, соны желіге шығарып, оны көрсету не сұмдық? Әр отбасының өз проблемасы болады. Ол жерге 1000 пікір жазады, соны жазып отырғанша, басқа нәрсемен айналыспайсыңдар ма? 2-3 жерде жұмыс істеңдер, есік алдындағы қарды тазартыңдар», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары