$ 518.4  598.13  6.55

«Басымызға отырды құтырған қатын»: Танымал журналист Құралай ханымды қатаң сынға алды

«Отан» деген сөзді анайы түрде жазған бұған расында да жаза қолдану керек пе деймін.

Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы “Отанымды жемеңдер” деген психолог Құралай ханымды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Кешеден бері мына психологсымақ елді шулатуда. Инста мен тредстағы оқырмандарымнан келген ашулы хаттарда шек жоқ.

«Отан» деген сөзді анайы түрде жазған бұған расында да жаза қолдану керек пе деймін.

Үндемей өтіп кетейін десең, бір күні басымызға т*шып кете ме дейсің.

Осының орнында басқа ұлт болса, түтіп жеп, өткендегі Алика секілді отырғызатын жерге отырғызатын едік. Миллион оқырманды жинап алып, аузына не болса соны құсатын бұндайларға «тәйт» дейтін ешкім жоқ па? Осының «ақылын» тыңдап жүрген ақымақтарға таңым бар. Он жыл бұрын жақсылап сынаған едім. Сонда тікелей эфирде, «Мен Бибігүл қызды жақсы көремін» деп жыламсырап шыққан болатын(әдейі жылады аясын деп, таза манипулятор). Хейтерлері шабуылдағысы келген. Алайда менің аз оқырмандарым олардың ту талақайын шығарды. Содан кейін құрысыншы осыған тиіспей-ақ қояйын дегенмін. Сөйтсем…

Иә, сөйтсем бұл бүкіл 20 миллион халқыма Отанын жегіздіріп, зарламаңдар деп жекіп қояды. Бұған 3000 тг түк те емес шығар, бірақ та студенттер үшін үш мың теңге әлем ақша. Енді бүгін мүләйімсіп отыр, «10 билетті тегін таратамын» дейді де, содан мазақ етіп, «бір күнде 75 мың подписчик жинадым» деп қояды. Әбден шектен шығыпты ғой мынауың дедім ызаланып.

Өткенде Беделхан осындайларды айтты «құтырған қатындар» деп. Ал кейбіреулер сөздің астарын түсінбей ол кісінің быт-шытын шығарды.

Осының сандырағын тыңдап жүрген әйелдер, сендерде өзі намыс деген бар ма? Бүгін саған «Отаныңды же» дейді, ертеңгі күні «б*ғымды же» десе, отырып жейсіңдер ме?!

Барлығының күші сол баяғы қарапайым Халыққа келеді.
Болмайтын фильмдеріне «барыңдар» деп Халыққа ұрсатын кім еді бұл?!
Не міндет пе екен осылардың өмір сүргендері?!

Мен мәселен сайқымазақтардың бірде бір фильміне бармадым!
Бармаймын да!!!

Тредстағы жастар ерегіскенде Тұрсынбектің экс-әйелінің фильміне бойкот деп және мына өзіне ханым статусын жапсырып алған психологқа cancel жасауда.

Әлемде қаншама ұлт жүр Отанға зар болып жүрген. Ал бұл әдепсіз бәлелер “отанымды жеме” деп қояды масығып

PS: Кезінде депутат (праймириз) болғысы да келген еді бұл “ханым”. Он жыл бұрын жасырып келген бетпердесін кеше жақсылап шешті”, — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары