$ 518.66  597.44  6.56

«Барлығын бүлдірді»: Төреғали Төреәлі сахнада күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Ақтауда өткен жеке концертінде Төреғали Төреәлі күтпеген жағдайға тап болды. Әнші сахнада өзіне ұнамай қалған жайтты айтып, домбырасын шешіп, терме орындаудан бас тартты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған себеп — ұйымдастырушылар дыбыс сапасын дұрыстай алмауы. Микрофон дұрыс жұмыс істемей, әнші ырғақпен айтып келе жатқан сәтте дыбыс «сынып» кеткен.

«Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім, бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», – деп әзіл-шынын араластырған Төреғали сахнада ашық айтты.

Оқиғаға қатысты тараған видеоның астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі оның мінезін «шығармашылық адамның ерекшелігі» десе, енді бірі «Төреғалидың мұндай қылығына халық үйреніп қалғанын» атап өткен.

«Ақын ғой, арқа-белі бар адам. Қазақтың намысы мен қаны бар жігіт қой, ештеңе етпес. Бірақ әдетін тастағаны дұрыс еді. Осы-ақ тырысады да жүреді», – деп пікір білдірді желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары