$ 518.66  597.44  6.56

«Араға адам салуды тоқтат!»: Жан Ахмадиев жас әншіні сабаған Мұқасан Шахзадаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

Оқиға қоғам назарын өзіне аударып, желіде қызу талқыланып жатыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қоғамда қызу пікірталас тудырған жағдайға байланысты блогер Жан Ахмадиев танымал әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаевқа қатаң талап қойғанын Skifnews.kz хабарлайды.

Блогердің сөзінше, дау тудырған видео жарияланғаннан кейін бірнеше өнер өкілі хабарласып, жазбаны өшіруді өтінген. Бірақ Ахмадиев олардың бұл өтінісін қабылдамай, видеоны өшірмейтінін ашық мәлімдеді.

«Кешегі жариялаған видеомнан кейін біраз әншілер хабарласып, өшіруімді өтініп жатыр. Мұқасан аға, араға адамдарды салуды тоқтатыңыз. Видеоны өшірмеймін. Себебі жәбірленушінің алдында мойнымда жауапкершілік бар. Ең дұрысы — Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жағдай ушығып, жазаңыз ауырлауы мүмкін. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз», — деді Жан Ахмадиев.

Оқиға қоғам назарын өзіне аударып, желіде қызу талқыланып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары