22.11.2025, 17:30

«Қуаныштың көз жасы»: Әли Оқапов сахнада жылап жіберді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Осындай әсерлі сәтті көрген ұлы, танымал әнші Әли Оқапов көзіне жас алды

Дильназ Ахмадиева концертінде Роза Рымбаевамен ерекше дуэт орындалды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында өткен Дильназ Ахмадиеваның үлкен жеке концерті көпшілікке жылы эмоция сыйлады. Әнші сахнаға қонақ ретінде қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаеваны шақырып, бірге әйгілі «Атамекен» әнін дуэт болып орындады.

Осындай әсерлі сәтті көрген ұлы, танымал әнші Әли Оқапов көзіне жас алды. Әлеуметтік желіге тараған видео көпшіліктің жүрегін елжіретіп, тыңдармандар ана мен баланың арасындағы мейірімге толы байланысты ерекше атап өтті.

Желі қолданушылары бұл сәтті «музыка мен махаббаттың тоғысқан көрінісі» деп бағалап, жылы лебіздерін қалдыруда.