18.11.2025, 19:00

«Сонша көре алмай не болды?»: Абай Бегейдің екінші әйелі оқырмандарына шүйлікті

Фото: fari___za____zhan парақшасынан

Көпшілік оның құдағиынан сыйлыққа құндыз тон алғанын сынаған. 

Абай Бегейідің екінші әйелі Фариза оқырмандарының сынына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік оның құдағиынан сыйлыққа құндыз тон алғанын сынаған. 

"Сыйлыққа шуба аламын деп басым дауға қалды ғой. Әй, әйелдер-ай, әйелдер, не болды соншама!? Тек көре алмай жеп барасыңдар. Мүмкін болса әр әйел он он шубадан кисінші. Әр әйел лайықты. Мені жамандап болып, құдағиыма тиістіңдер мақтаншақ деп", - деді Фариза. 

Желі қолданушылары жұлдыздың жары Фаризаның бұл сөзіне түрлі пікір қалдырды. 

Айта кетейік, Абай Бегейдің 17 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат балалы болып, енесі құдағиына тон сыйлаған еді.