$ 522.19  606.42  6.47

«Курорттан келген жоқ»: Танымал актриса босанған әйелдің үйіне қонаққа баратын адамдарды қатаң сынға алды

Жыртылып, туған әйел.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Актриса Ақерке Арыс босанған әйелдің үйіне қонаққа баратын жандарды қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Жыртылып, туған әйел. Перзентханада жатқан кезде ол демалатын жерде жатқан жоқ. Бұрынғы замандағыдай өзің бөлек, балаң бөлек жатқан жоқ. Өзің ішек қарының ашылып жатып, 3 күн балаңды қарайсың. Енді ұйықтайын деп жатқан кезде дәрігердің тексерісі бар. 3 күн перзентханада жатып, келіп отырған әйелден “анау не болады, қазір үйіңе барамын. Саған қарай шығып жатырмыз”, — дейді. Ұйқысы қанбай, әрең жүрген әйелден “өтініш, ананы былай қылшы” деп өтініш сұрайды. Ол жаңа босанған әйелдің өзінің миы ашып тұр ғой. Әйелдің мазасын алып, хабарласа бермеңдерші”, — деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары