$ 522.19  606.42  6.47

«Жаныма байлап қойғам жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың қасынан шықпайды дегендерге шүйлікті

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасы туралы пікір білдіріп тағы да желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен сізді ана ретінде қолдаймын. Бас иемін. Бірақ Жұлдыз және оның ата-анасымен неге қарым-қатынасты дұрыстамайсыз?", деп сұрақ қойған оқырман. 

Гүлзира Айдарбекова оған төмендегідей жауап берді. 

"Мен Құдай емеспін ғой бәрі менің қолымда болатындай. Әр адамның өз қалауы бар емес пе? Оның үстіне 5 козырь қолында, оның бәрі өз ұрпағым. Әрі керең, әрі соқырмыз. Солардың бақыты үшін не істемейміз, әр адам басына келгенде түсінер. Көрінген таудың алыстығы жоқ дегендей балалары өсіп жатыр. Сиырға туған күн бұзауға да туады. Сол кезде бәрін түсінетін болады", - деп жазды медиа маман. 

Сондай-ақ Айдарбекова "ұлыңызды жаныңыздан алыстатпайсыз" деген пікірге ашумен жауап берді. 

"Жаныма байлап қойғаным жоқ. Продюсер ретінде жұмысымды жасап жүрмін. Бала-шағасы қасында, ешқайда кетіп қалған жоқ. Басқа әйел де алып кеткен жоқ. Ұлдарыма тоқал алсаңдар мені тірідей көме салыңдар, немерелерімді жылатып жүрегімді жараламаңдар дегенім бе?", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары