$ 530.47  613.75  6.56

«Тұрсынбек үйден жиі кетіп қалуды шығарды»: Мөлдір Мұқанова ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты (ВИДЕО)

Продюсер күйеуімен арадағы үнсіздік пен қарым-қатынастың салқындауы жанын қатты ауыртқанын айтты.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуға не себеп болғанын ашық айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, отбасын сақтап қалу үшін көп жыл тырысқанымен, бәрі сәтсіз аяқталған. 

«Он төрт жылға созылудың себебі — үзілмеген үміт. Бес балам бар, отбасымның бұзылғанын қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен «Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деген смс келді. Ол менің бірінші қадам жасағанымды қалаған сияқты. Себебі оны бес саусағымдай білемін. Сөйтіп, бірінші арыз жазуға тура келді», – деді әнші.

Продюсер күйеуімен арадағы үнсіздік пен қарым-қатынастың салқындауы жанын қатты ауыртқанын айтты.

«Маған өте ауыр болды. Жүрегім қан жылады. Сол кезде ол «Біз қалай ажырасамыз, бәрін бірге жасадық қой» деді. Басында осы сөздер мені ұстап қалатын. Бірақ кейін ол үйден жиі кетіп қалатынды шығарды», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары