$ 530.47  613.75  6.56

«Бір-бірімізді ұнаттық»: Гүлназ Әлімгерей жаңа құдаларын көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

Гүлназ Әлімгерей жаңа құдалары туралы жылы пікір білдіріп, оларды Голливуд жұлдыздарына теңеді.

Фото: gulnaz_alimgerey парақшасынан
Фото: gulnaz_alimgerey парақшасынан

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей әлеуметтік желіде отбасы қуанышымен бөлісті. Ұлын үйлендірген ол Павлодар өңірімен құда болып жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің отбасымыздың географиясында еліміздің солтүстігі ғана болмай еді. Алла бізді Павлодар өңірімен құдандалы-жекжатты етті. Жұрт айтпақшы, жап-жас, әп-әдемі құда-құдағи атандырған тұңғыштарымыз – Нұрасыл мен Камила», – деп жазды журналист.

Гүлназ Әлімгерей жаңа құдалары туралы жылы пікір білдіріп, оларды Голливуд жұлдыздарына теңеді.

«Құдай қосқан красавчик құдаларымызды Голливуд жұлдыздары – Том Круз бен Сальма Хайекке ұқсаттым. Бір көргеннен бір-бірімізді ұнаттық. Алла сыйластығымызды мәңгілік етсін», – деді ол.

Сонымен қатар журналист жаңа туыстарын қазақтың дәстүрін берік ұстанатын өнегелі жандар деп атап өтті.

«Өзіміз сияқты қазақы дәстүрді ұстанған өнегелі отбасымен құдаласуымыз мыңжылдық болсын!» – деп түйіндеді Гүлназ Әлімгерей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары