"Дана ене мен ақылды келін".
 
                    Танымал әнші Әли Оқаповтың жары, журналист әрі продюсер Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваны туған күнімен ерекше ілтипатпен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің келіні өз құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жылы лебізін жеткізді.
"Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын, Мам! Сіз мен үшін екінші анадайсыз! Сізге ұзақ ғұмыр, жүрегіңізге тыныштық пен бақыт тілеймін", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары Ақеркенің бұл әрекетіне тәнті болды.
"Дана ене мен ақылды келін", "Мен қатты қуанатыным-Сіздей Ақерке келін бұйырғаны", "Сендей келін бұйырсын", "Қандай күшті біздің батыстың қызы", - деп жазды олар.