$ 530.15  617.47  6.64

Мөлдір Әуелбекова ренішке толы жазба жариялады

Республика күніне орай біршама әріптестері атақ алып, сүйінші сұрады. Алайда Әуелбекова марапатсыз қалған.

Фото: Instagram/moldir.auelbekova
Фото: Instagram/moldir.auelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында ренішке толы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Республика күніне орай біршама әріптестері атақ алып, сүйінші сұрады. Алайда Әуелбекова марапатсыз қалған.

"Барша өнер майталмандарын марапаттарымен құттықтаймын! Әсіресе, өзімнің АПАЙларымды! Әбден лайықтысыздар! Маған ешқандай марапат жоқ. Сол үшін, Әкемнен әдемі гүл шоқтары! Рақмет, пап! Ал, ең керемет марапат Сіздердің қолдауларыңыз", - деп жазды әнші. 

Өнер иесінің әріптестері мен оқырмандары бірден қолдай кетті. 

"Сіз “Халық әртісін" бір-ақ аласыз әлі", "Саған ХАЛЫҚ әлдеқашан ықыласын беріп қойған, жаным", "Сіз ең биік марапатқа лайықсыз", "Әлі ерте, жассың. Қыз Жібек әпкеміздің өзі "Халық әртісін" енді алыпты", деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 23
Күлкілі 24
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары