Айта кетейік, дәл осындай жағдай былтыр да болған. 2024 жылдың қазанында Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты жоспарланған концерттерін кейінге қалдырған еді.
Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов 26 қазанда Өскеменде өтуі тиіс болған концертін денсаулығына байланысты кейінге қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кеш өткізілуі тиіс концерт залы көрерменге лық толған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жұрт шамамен 40 минуттай күткен, кейін сахнаға шыққан ұйымдастырушы концерттің бұл күні өтпейтінін хабарлаған.
«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!», – деп жазды Қабатов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, дәл осындай жағдай былтыр да болған. 2024 жылдың қазанында Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты жоспарланған концерттерін кейінге қалдырған еді.