$ 538.13  624.88  6.64

«Бокстың жаһандық имиджін нығайтпақ»: Димаш Құдайберген Головкинге қолдау білдірді

Ол Instagram парақшасында арнайы жазба арнаған.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген Генадий Головкиннің  World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынғандығына байланысты өз қолдауын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram парақшасында арнайы жазба арнаған

"Біздің даңқты жерлесіміз Геннадий Головкин бүгін халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатынын бөлісті.
Мен әрдайым оның мақсаткерлігіне, рухының мықтылығына және елімізге деген адалдығына тәнтімін.
Көп жылдар бойы ол Қазақстанның беделін әлемдік аренада асқақтатты, енді бокстың жаһандық имиджін нығайту жолында еңбек етпек.

Чемпионымызды қолдайық!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары