$ 538.53  623.94  6.59

«Жүйкең жұқарады, ақшаң кетеді»: Баян Алагөзова мен Дана Орманбаеваның соты немен аяқталғаны белгілі болды

Продюсер Баян Алагөзова Дана Орманбаевамен соттасуы немен аяқталғанын айтып берді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Биыл продюсер Баян Алагөзова танымал журналист Дана Орманбаеваны сотқа берген еді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер Баян Алагөзова Дана Орманбаевамен соттасуы немен аяқталғанын айтып берді. Бұл туралы ол “Умные люди с Асель Кожаковой” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

”Екі сотта оны жеңіп шықтым, үшінші сотта жеңіліп қалдым. Жеңілетінімді білдім, өйткені нақты дәлелім болған жоқ. Адам әрбір айтқан сөзі үшін жауапты болатынын түсінсін деп сотқа бердім. Оның әрбір сөзі үшін сотқа беремін. Ол жеңе ме, жеңіле ме маңызды емес. Әрбір ісің үшін жауаптысың. Бұл сенің уақытың, жүйкең жұқарады, ақшаң кетеді. Үшінші соттан кейін сүйкімді Дана менің позициямды түсінген болар. Егерде тағы да оның жағынан конфликт болса, онда бәрі сот арқылы шешіледі, маған солай жеңіл. Ол маған айыппұл төледі. Адвокатқа, заңгерлерге ақша құртудан шаршаған болар. Ашық адам туралы жаман айту дұрыс емес. Егер біреу мен жағымсыз нәрсе айтса ол сот арқылы шешіледі”, — деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары