$ 537.77  622.95  6.65

«Бір күліп, бір жыладым»: Мақпал Жүнісова марқұм жарымен түскен бейнежазбасын жариялады (ВИДЕО)

"Топырағыңыз торқа болсын".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовпен түскен бұрын-соңды жарияланбаған бейнежазбаны бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап. 

«Топырағыңыз торқа болсын... Қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір», — деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.

Жарияланған видеода Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов үйде отырып, “Айша” атты тотықұсына арнап ән шырқап отырған сәт бейнеленген.

Оқырмандардың бірі тотықұстың қазіргі жайын сұрағанда, әнші оның қайғылы өлімін айтып, жан сырын ашты:

«Зәкеңнің туысқаны мен жоқта шомылдырып, тордың бір жағын жаппапты. Негізі мен оны 10 жыл бойы өзім жуындырып, торын бүркеп күтетінмін. Сол күні терезе ашық болып, жел тиіп, өліп қалды», — деп жазды ол пікірге жауап ретінде.

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың жазбасына тебіреніп, жылы лебіздерін қалдырды:

«Дауысыңыз әлі де сыңғырлап тұр, халқыңызға береріңіз көп болсын»,
«Заманбектің жаны жәннатта болсын»,
«Мұндай алып тұлғалар мың жылда бір туады», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары