$ 540.06  628.25  6.61

«Құдай сақтап қалды»: Мақпал Жүнісова аяқ асты жарақат алғанын айтты

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында айтып, пікір қалдырды.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова аяқ асты қолын жарақаттап алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында айтып, пікір қалдырды.

"Нұртас замандас,  60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз. Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. "Шапаныңыз" Гүлекеңнің каспиінде. Мен аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман қалғанымен тырнақ түбінен сынды", - деп жазды әнші.

Мұны естіген желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін арнап, тезірек жазылып кетуіне тілекші екендіктерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары