$ 545.67  636.41  6.57

«Фильм түсірмек»: Джеки Чанның елімізге не үшін келгені белгілі болды

Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер Джеки Чан қатысатын «Құдіретті сауыт» фильмінің түсірілімі Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.

Жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фильмнің кезекті бөлімінің түсірілім алаңы ретінде Қазақстан таңдалған. Бұл шешім Бейжіңдегі келіссөздерден кейін қабылданған. 

Айта кетейік, «Құдіретті сауыт» франшизасы алғаш рет 1986 жылы жарық көрді. Экшн мен шығыс комедиясын үйлестірген туынды актерді әлемдік жұлдызға айналдырды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары